Геннадий Головкин Францияда кәсіпқой бокстың ІВО және WBА нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарын қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин Францияда кәсіпқой бокстың ІВО және WBА нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарын қорғайды

Геннадий Головкин Францияда кәсіпқой бокстың ІВО және WBА нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарын қорғайды

Орта салмақтағы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы 26-шы жекпе-жегін өткізеді. Кәсіпқой бокс сайттарының хабарлауынша, кездесу 30 наурызда Францияда өтпек.

  • 31 Қаңтар 2013
  • 421
Фото - Caravan.kz

8 сәуірде 30-ға толатын Г.Головкиннің бұл жолғы қарсыласы 33 жасар Гана азаматы Осуман Адам болғалы отыр. Бұған дейін 19 қаңтарда АҚШ-та американдық Габриэл Росадоны 7-ші раундта техникалық нокаутпен ұтқан Геннадий Халықаралық бокс ұйымының (ІВО) чемпионы атағын төртінші, ал Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBА) Әлем чемпионы атағын 7-ші рет қорғамақ. Қазақстандық боксшы 25 кездесуде түгел жеңіске жеткен болатын.

Гана елінде 1980 жылы 24 желтоқсанда өмірге келген Осуман Адам болса бұған дейін 23 кездесу өткізіп, оның 20-сында (15-ін нокаутпен) жеңіп, үшеуінде (біреуінде нокатпен) жеңіліс тапқан болатын. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2011 жылы 25 мамырда өткізген ол, 30 қарашадағы үшінші кездесуінде бос тұрған Гана чемпионы атағын, 2012 жылы 8 ақпандағы 4-ші кездесуінде бос тұрған West African Union чемпионы атағын жеңіп алды. Оларды 2 рет қорғаған соң, 2004 жылдың 30 шілдесінен бос тұрған Бүкіәлемдік бокс ұйымының (WBО) Африка чемпионы атағын иеленді. Одан кейін АҚШ-та рейтингтік жекпе-жектерде 2009 жылы 21 тамыздағы 14-ші кездесуінде Диах Дависке, 2010 жылы 30 сәуірдегі 19-шы кездесуінде Дон Георгиге жеңілді. 17 желтоқсандағы 20-шы кездесуінде бос тұрған Халықаралық бокс ұйымының халықаралық чемпионы, 2011 жылы 25 наурызда 22-ші кездесуде бос тұрған Халықаралық бокс ұйымының Құрлықаралық және USBA чемпионы атағын жеңіп алды. Ал 2012 жылы 7 наурыздағы Халықаралық бокс федерациясының чемпионы атағы үшін болған соңғы жекпе-жегінде Австралияда Даниел Геалиден жеңіліс тапқан болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера