алда өтетін Марко Антонио Рубиомен жекпе-жектен басқа үш қарсылас — WBC чемпионы орта салмақтағы Мигел Коттомен, бұрынғы әлем чемпионы орта салмақтағы кіші-Хулио Сезар Чавеспен және бірінші орта салмақтағы экс-чемпион Саул Альвареспен кездескісі келетінін мәлімдеді.
Бұл туралы sports.kz хабарлады.
"Бүгінгі таңда мен жарқыраған жұлдыз саналмаймын. Тек WBA және IBO нұсқасы бойынша ғана чемпионмын. Марко Антонио Рубио қазір мен үшін мықты қарсыласқа жатады. Ол WBC уақытша чемпионы. Келешекте PPV жүйесі бойынша Мигел Коттомен, Канело Альвареспен және кіші Чавеспен жекпе-жекте бақ сынағым келеді", — дейді Головкин.