«Геннадий Головкин Мексикаға барды, онда қазақстандық боксшыға WBC Interim белбеуін тапсыру салтанаты өтеді. 9 желтоқсанда Мехикода баспасөз мәслихаты өткізіледі. Геннадий мұнда көрнекті жерлерді аралап, балалар госпиталіне бармақ», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Лондонда Геннадий Головкин мен Мартин Мюррейдің матч алдындағы конференциясы өтті. Олар 21 ақпанда Монакода жұдырықтаспақ.