«Кез келген боксшымен кездесуге дайынмын. Мен чемпионмын және үлкен шоуға дайынмын. Мен «Канелодан» гөрі Мэйвезермен кездескенді қалаймын. Флойд пен Пакьяоның қайта кездесуі қоғам үшін қызықсыз. Олардың бірінші жекпе-жегі тартымсыз болғаны да адамдар үшін жеткілікті», — деді GGG.
23 сәуірде Головкин америкалық Доминик Уэйдпен «Жеңілмегендер» (Undefeated) бокс шоуы аясында Лос-Анджелесте «Форум» аренасында кездеседі.