Промоутерлік «K2 Promotions» және «Golden Gloves» компаниялары таяу күндері WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, орташа салмақтағы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин мен бұдан бұрын Әлем чемпионы атағына үміткер болған орташа салмақтағы 32 жастағы британдық Мартин Мюррей арасында жекпе-жек өткізу жайында уағдаласты.
Айқас 21 ақпанда Монакода өтеді. Головкин Мюррей жуырда маңызды жеңісті қолдан бермеген қарқыны мықты қарсылас екенін атап өтті.
«Мюррей — маңызды жеңісімен көзге түскен мықты жігіт, — деді Головкин. — Доменико Спада — ерекше айла-тәсілдерді игерген, жеңісті қолдан бермейтін қарсылас. Алайда Мюррей қапысын тауып, жекпе-жекте жеңіп шықты. Мюрреймен тартыс аса қызықты өтетініне сенімдімін».
«Хулио Сезар кіші Чавеспен, Мигел Котто немесе Канеломен жекпе-жектің реті келмеді, — деді Головкин. — Енді Котто — Канело тартысын күте тұруға тура келеді. Сондықтан да Мюррей қарсыластардың ішінде осалы емес».