Ол 12 қараша күні өзі туып-өскен қаланың спорт кешенінде американдық Лажуан Симонмен (Lajuan Simon) жекпе-жек өткізеді.
Чемпиондықтан үміткер Л. Симон 1979 жылы 25 ақпанда дүниеге келген болатын. Алғашқы жекпе-жегін 2002 жылы 7 қыркүйекте АҚШ-тың Пенсилвания штатындағы Бушхил қаласында өткізген. Онда қоржынында 1 жеңіс, 1 жеңілісі бар Киран Хиллдан мерейін асырған ол бұған дейін 29 кездесу өткізіп, оның 23-інде (12-сі нокаутпен) жеңіп, үшеуінде жеңіліс тауып, екеуінде тең түскен. Бұл боксшы 2010 жылы 3 желтоқсандағы соңғы кездесуінде АҚШ-тың Делауаре (Delaware) штатының Довер қаласында Дионисио Мирандаға ( Dionisio Miranda) 115:114, 113:115, | 112:115 есебімен есе жіберген болатын. Ал 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда өмірге келген Геннадий Головкин бұған дейін 21 кездесу өткізіп, оның бәрінде де (18-і нокаутпен) жеңіске жеткен болатын. Кәсіпқой бокс рингіндегі алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы 6 мамырда Германиядағы Нордрхейн-Уестфаленде (Nordrhein-Westfalen) өткізіп, Габор Валогхты (Gabor Balogh) нокаутпен ұтқан еді. 20009 жылы 11 маусымда Германияда Жохн Андерсон Карвалхомен (John Anderson Carvalho) болған сайыста Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының Құрлықаралық чемпионы атағын жеңіп алған Генадий 2010 жылы 14 тамызда Панамада Милтон Нунезбен ( Milton Nunez) болған кездесуде Әлем чемпионы белдеуін беліне таққан болатын. Одан кейін Геннадий 2010 жылы 16 желтоқсанда Астанада Нилсон Жулио Тапианы (Nilson Julio Tapia), ал 2011 жылы 17 маусымда Панамада Кассим Оуманы (Kassim Ouma) нокаутпен ұтып өз атағын сәтті қорғап шыққан еді.