Геннадий Головкин қарсыласы Мартин Мюррейдi нокаутпен жеңдi - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин қарсыласы Мартин Мюррейдi нокаутпен жеңдi

Геннадий Головкин қарсыласы Мартин Мюррейдi нокаутпен жеңдi

Орта салмақтағы WBA/IBO/WBC Interim нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) Монакода өткен бокс кешiнде қарсыласы Мартин Мюррейдi техникалық нокаутпен жеңді.

  • 22 Ақпан 2015
  • 857
Фото - Caravan.kz

Бастапқы раундтарда қарсыласының қимылын бағып, осал тұсын iздеген Геннадий, раунд өткен сайын қарқынын үдете бердi және 4-раундта қарсыласын бүйiрiнен батыра ұрып, екi мәрте нокдаунға жiбердi. Ал 10-раундта оң қолымен бастан соққы жасаған Головкин қарсыласын жерге құлатты. Бiрақ Мюррей орнынан  тұра алды. Дегенмен 11-раундта жойқын соққыларды өткiзiп алғандықтан, төреші жекпе-жектi тоқтатты. Осылайша Головкин 32 кездесуде жеңiске жетiп, оның 29-ын нокаутпен аяқтады және әйгiлi Майк Тайсонның рекордын қайталады.