Головкин 10 қыркүйекте Лондонда орта салмақтағы IBF чемпионы Келл Брукке (36-0, 25 КО) қарсы титулдарын қорғайды. Ол өзіне 13 фунт салмақ қосады.
Бұл ретте Головкин орта салмақтағы WBC титулын иеленген Сауль "Канело" Альвареспен (47-1-1, 33 КО) жекпе-жек өткізуге міндетті үміткер саналады. Алайда мамырда мексикалықтың белбеуі қазақстандыққа беріліп, ол қайта бірінші орта салмаққа өтті.
Сондай-ақ Головкин WBO титулының иегері орта салмақтағы Билли Джо Сондерспен айқас өткізуге тырысты, бұл да іске аспады, британдық Крис кіші Юбенкпен де мәміле аяқсыз қалды.
«Шаршы алаңға әлемдегі ең үздік боксшылармен шыққым келеді. Алайда олар менен қашқақтауын қояр емес. Менің мансабымның аяқталуына екі, бәлкім үш жыл ғана қалды. Біреуді күтіп отыра беруге уақытым жоқ», — деп 34 жастағы Головкиннің сөзін келтірді BoxingScene.com.