Түрік промоутері Ахмет Өнер өзінің қол астындағы былғары қолғап шебері Авни Йылдырым мен британдық Крис Юбенконың жекпе-жегі алдындағы баспасөз мәслихатында жаға жыртыса жаздады. Ол Юбенконың командаластарының бірімен сөзге келіп қалған. Тіпті түрік промоутерін сабасына түсіру үшін ұйымдастырушылардың да араласуына тура келген, деп хабарлады vesti.kz
Кейін Өнер болған оқиға жайлы өзінің твиттердегі парақшасында: еліме, халқыма, маған тіл тигізген кезде өзімді ұстап тұра алмадым. Бұл жағдай Крис Юбенкоға еш қатысы жоқ. Ол жақсы жігіт,- деп жазды.
Бұған дейін Ахмет Өнер өз боксшысының Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келетінін және ол оны жеңіп қана қоймай, барлық тістерін қағып алуға мұршасы жетеді, деп мәлімдеген болатын.