Хершманның айтуынша, Головкиннің командасы салмақ санатына қарамастан кез келген қарсыласпен жекпе-жекке шығуға дайын. «Бізде бірқатар ықтимал қарсыластар бар. Олардың арасында Серхио Мартинес, Андре Уорд, тіпті Адонис Стивенсон да болуы мүмкін», — деп оның сөзін келтірген ESPN.
Еске сала кетейік, 2014 жылы Головкин алғашқы ұрысын 1 ақпанда Монте-Карлода ганалық Осуману Адаммен өткізеді. Келесі жекпе-жек қазақстандық үшін кәсіби рингтегі 30-шы сайыс болмақ, ол 26 сәуірге белгіленген.
Хершман сәуір айында Головкин орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы австралиялық Дэниэль Гильмен кездесуі мүмкін дегенді айтты. Екінші үміткер американдық Джеймс Киркленд болуы мүмкін, ол алғашқы орта салмақта өнер көрсетіп жүр, екі апта бұрын ғана ол 20 айлық үзілістен кейін рингке оралды.