Геннадий Головкиннің осы жолғы гонорары қанша болады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкиннің осы жолғы гонорары қанша болады

Геннадий Головкиннің осы жолғы гонорары қанша болады

Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес тең түсті. Дегенмен, екі боксшы да, кем дегенде, 15 млн доллардан алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 17 Қыркүйек 2017
  • 265
Фото - Caravan.kz

The Telegraph-тың ақпаратына сәйкес, екі боксшының әрбіреуі 15 млн доллардан алуы тиіс. Бұл — олардың бекітілген гонорары. GGG мен "Канело" үшін ол -рекордтық көрсеткіш. Бұдан бөлек, ақылы трансляциялардан (PPV) түскен табыс та екі боксшының арасында бөлінеді. Алайда оның 60 пайызы Альвареске тиесілі.

"Golden Boy Promotions" жетекшісі Оскар Да Ле Хойяның айтуынша, бүгінгі жекпе-жек 1,5 млн PPV жинаса, кассаға шамамен $100 млн түседі. Сондай-ақ боксшылар билеттен түскен табысты да өзара бөліседі. Ол ақшаның көлемі 30 млн долларды құрап отыр.


 

Перейти к новостям спорта