Геннадий Головкиннің отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуiнде айтқан сөздері (толық мәтін) - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкиннің отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуiнде айтқан сөздері (толық мәтін)

Геннадий Головкиннің отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуiнде айтқан сөздері (толық мәтін)

Қазақстандық кәсiпқой боксшы Геннадий Головкин салмақтың түрлi деңгейiне байланысты  Қанат Исламмен жекпе-жек өткiзу қисынсыз әңгіме деп отыр.

  • 22 Қараша 2014
  • 1225
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол бүгiн Астанада отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуi барысында мәлiм еттi. 

"Бұл әзiрге тек сөз жүзiнде ғана. Бiрақ орындалмайтын ештеңе жоқ. Бiз қазiр Қанатпен түрлi салмақ деңгейiндемiз. Бұл жекпе-жек қисынсыз қазiр. Ол рейтингтiң басқа деңгейiнде орналасқан", — деп атап өттi боксшы.

Оның ойынша, Қанаттың тарапынан болған шақыруды боксшының өзi жасамаған болуы ықтимал.

"Мен Қанатты бұрыннан танимын. Менiңше ол жеке өзi менi жекпе-жекке шақырмауы мүмкiн. Оны оның бапкерi жасаса керек", — дейдi Головкин.

Жаңа жылдан соң Геннадий Головкиннiң сауда маркасы бүкi л әлемге таралады. Бұл туралы GGG командасының менеджерi Олег Герман мәлiм еттi.

"Бiз Геннадийдiң сауда маркасын тiркедiк. Бiз толыққанды коллекция шығаруды жоспарлаудамыз. Оның мәртебесi мен аты танымал. Жаңа жылдан соң бiз оны шығара бастаймыз. Геннадий Головкиннiң есiмiн барша әлемге таратпақ ойымыз бар. Америкада және Еуропада жекпе-жектер ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. Қазақстанда ұйымдастыруды да ойластырып жатырмыз. Азия — жаңа нарық", — дедi ол бүгiн Г. Головкиннiң Астанадағы Назарбаев Университетiнде отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуi барысында.   

Геннадий Головкин болашақта жекпе-жектiң бiрiн Қазақстан астанасында өткiзудi жоспарлауда.

"Мен Астанада жекпе-жек өткiзудi қатты армандап жүрмiн. Бұл ойымды Астана әкiмiне айттым. Елордаға ұмытылмас бокс жекпе-жегiн өткiзсем деймiн. Бұл мүмкiн. Қазақстан астанасында үлкен бокс кешi болғанын қалаймын. Қашан болатынын әзiрге бiлмеймiн, бiрақ ондай ой бар", — деп атап өттi Головкин.

Геннадий Головкин депутаттық мандатқа немесе мемлекеттiк қызметке қызықпайтынын  мәлiм еттi.

 "Бұл сұрақ болашаққа қатысты. Бұның алдында маған лауазым ұсынды ма деген сұраққа айтарым, маған мемлекеттiк қызметке орналасу жөнiнде ұсыныс тасталған жоқ. Егер ұсынса сiздер жауабын бiлесiздер: маған қазiргi өзiмнiң кәсібім ұнайды. Болашақта кім болатынын бiлмеймiн. Дегенмен мен ондайға талпынып жүрген жоқпын", — деп атап өттi ол тiлшiлердiң мемлекеттiк қызметке қатысты қойған сауалдарына.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннiң жекпе-жегiн Астанада ұйымдастыру үлкен қаражат талап етедi, деп есептейдi GGG менеджерi Олег Герман.

"Шын мәнiнде Астанада жекпе-жек жасау үшiн үлкен қаражат жұмсауға тура келедi. Бүкiл әлемге тарататын сигналды жасаудың өзiне қыруар қаржы кетедi. Бұл көп ақша. Геннадий Головкинмен жұмыс iстейтiн  HBO телеарнасы да қызығушылық танытуда, дегенмен оларға бiздiң тарапымыздан немесе ұйымдастырушылар тарапынан барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылатынына кепiлдiк берiлуi тиiс", — дейдi ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қазақстанның мүмкiндiктерiн саралап, сондай деңгейдегi жекпе-жектi ұйымдастыруға болады.

"Бұл — елiмiзге үлкен бедел әкеледi. Керемет жекпе-жек жасап жiберуге болады, себебi Қазақстанның мүмкiндiктерi бар", — деп атап өттi О. Герман.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Отаныңа адал болып, оны ешқандай жағдайда да сатпау қажет деп есептейдi.

"Отан — сен туған жер, сенiң отбасың, туыстарың тұратын ұяң. Мен үшiн Қазақстан оттан да ыстық, ол менiң елiм. Осында тусаң, өзге жерге Отаныңды ауыстырма. Отаныңды ауыстырғаның — өзiңдi сатқаның. Бiз дүниеге келгенде Отанымызды, ата-аналарды, достарды таңдамаймыз", — деп атап өттi боксшы.

Оның ойынша, балаларды ерте жастан патриоттыққа тәрбиелеу қажет. Оның негiзгi құралдарының бiрi — спорт.

Қазақстандық кәсiпқой боксшы Геннадий Головкин Назарбаев Университетiнде жанкүйерлермен кездесуi барысында өзіне үлкен қолдау көрсетiп келе жатқан Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын бiлдiрдi.

"Бiздiң Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевқа, оның үлкен қолдауына және бейбiт әрi келiсiмi жарасқан қоғамда тұрып жатқанымыз үшін алғысымды жеткiзгiм келедi. Сiздерге рахмет, Құрметтi қазақстандықтар! Жылы лебiздерiңiзге, жақсы сөздерiңiзге, мен үшiн бұл маңызды", — дедi Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, Кәсіпқой рингте Головкин орта салмақ санатында (72 келіге дейін) алғаш рет 2006 жылы сынға түсті. Бірінші 8 жекпе-жекті уақытынан бұрын жеңді.

2007 жылдың қыркүйегінде ол француздық Мехди Боудламен(11-1) кездесіп, 8 раундта ұпай санымен басым түсті.

2008 жылы сәуірде Иан Гарднерді (20-3) ұпай санымен ұтты.

2008 жылдың қарашасында — кезекті жеңіс:  2-раундта беларусь Малик Дзиарр (29-3) кездесуді жалғастырудан бас тартты. 

2009 жылдың 11 шілдесінде бірінші рет шаршы алаңға 12 раундтық жекпе-жекке шықты. WBO-ның интерконтинентальдық чемпион атағы үшін өткен кездесудің екінші раундында бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен жеңді.

Одан соң бұған дейін бірде бір рет жеңіліп көрмеген Михаил Макаровты (10-0)  сұлатып салды.


 2010 жылдың тамызында WBA нұсқасы бойынша 72 келі салмақ дәрежесінде уақытша әлем чемпионаты атағы үшін колумбиялық Милтон Нуньеспен (21-1-1) жұдырықтасты. Головкин қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.

Келесі кездесуін Головкин WBA нұсқасы бойынша әлемнің тұрақты чемпионы атану үшін панамалық Нельсон Хулио Тапиамен шаршы алаңда кездесті. Қарсыласын ол үшінші раундта ұтты. 

2011 жылы Головин өз титулын екі рет қорғап, Кассим Оум мен Лахуан Саймонды айқын басымдықпен ұтты. Саймонмен өткен кездесуде Головкин IBO  нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

2012 жылы титулды үшінші рет қорғауда Головкин жапондық Макотто Фучигамиді есінен тандырды.

2012 жылдың 1 қыркүйегінде HBO америкалық телеарнасында Геннадийдің дебюті өтті. Головкин рингке жас поляк Гжегож Проксамен шықты. Бірінші раундта-ақ ол полякты сұлатты.

2013 жылдың 19 қаңтарында Madison Square Garden  аренасында Головкин ерікті түрде титулды қорғауға шыққан тегі пуэрторикандық АҚШ боксшысы Габриэль Росадомен жұдырықтасты. Геннадий оны техникалық нокаутпен ұтты.

2013 жылдың 30 наурызында Монакода Геннадий Головкин жапон боксшысы Нобухиро Исидомен кездесті. Головкин Исидоны нокаутқа түсіріп, оны кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты.

2013 жылдың 29 маусымында АҚШ-та Г.Головкин белгілі британиялық боксшы Мэттью Макклинмен рингте кездесті. Бұл жекпе-жек те қазақстандықтың айқын басымдығымен аяқталды.

2013 жылдың 2 қарашасында Геннадий АҚШ-та жергілікті боксшы Кёртиса Стивенспен жұдырықтасты. Шиеленіске толы жекпе-жектің 8-ші раундында Кертис Головкиннің бірнеше соққыларынан кейін есеңгіреп қалды, жаттықтырушысы оның 9-раундқа шығуына жол бермеді.

2013 жылдың қорытындысы бойынша Головкин салмақ санатына қарамастан жылдың үздік боксшысы деп танылды.

2014 жылдың 1 ақпанында Головкин Монте-Карлода ганалық Осуман Адамамен кездесті. 31 жастағы Головкин өзінің 33 жастағы қарсыласын рингтің бірінші, алтыншы және жетінші раундтарында есеңгіретті. Соңғысында төреші кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдады.

2014 жылдың маусымында Головкин WBA супер чемпионы  болып танылды.

2014 жылы 26 шілдеде Головкин Австралияның танымал боксшысы, бұрынғы әлем чемпионы Дэниэл Гилмен жекпе-жекке шықты. Бұл кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Үшінші раундта Головкин кезекті жеңісіне жетті.

2014 жылдың 19 қазанында Геннадий Головкин танымал мексикалық боксшы, WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы Марко Антонио Рубиомен жұдырықтасты. Головкин оны екінші раундта сұлатып салды.

1 
Геннадий Головкин болашақта кiтап жазуды жоспарлауда.

"Менiң әуесқой бокстағы мансабым өте қызық өттi. Мен мүмкiн сол туралы кiтап жазамын. Әуесқой боксты сағынып жүргенiм емес, сол кездегi жүрiп өткен жолым қызық болды. Бiрақ мен ол туралы кейiн жаза жатармын", — деп атап өттi Головкин.

Оның айтуынша, оны киноға түсуге де бiрнеше рет шақырған, алайда ол боксқа ден қойғандықтан, бұл шақыртуларға келiсiмiн бермеген.

2

Геннадий Головкин Назарбаев Университетiне жаңа жеңiстер мен жетiстiктер тiледi.

"Тамаша университет. Назарбаев Университетiне жаңа жеңiстер мен жетiстiктер тiлеймiн", — дедi Г. Головкин осы оқу орнында баспасөз өкiлдерiмен болған кездесуден соң.

Университет басшылығы атақты боксшыға оқу орнының Құрметтi қонақтар кiтабiнда тiлек қалдыруды сұрады.

Кейiн чемпион университеттiң атриумына қарай өтіп, боксшымен кездесуге келген қалың қазақстандық жанкүйерлермен жүздесті, қолтаңба таратты.

3 

4 

5 

6 

7 

8 

9 

10 

11 

12 

13 

14 

15 

16 

17 

18 

19 

020 

21

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера