Бұл симпозиумды «Орталық Азия аймағы — сейсмикалық қауіпсіздік бастамасы» жобасы аясында ЮСАИД ұйымының қаржылық қолдауымен ФОКУС-Қайырымдылық көмек бейресми ұйымы, Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс министрлігі мен «ГеоХазардз Интернешнл» халықаралық ұйымы бірлесе ұйымдастырып отыр.
«ФОКУС» бейресми ұйымынан KZ-today тілшісіне хабарлауынша, «жобаны жүзеге асыру халықты қауіп-қатерді азайтуға және табиғи зілзалалар туралы хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қолдануға ынталандыруға, жұртшылықты қатерді азайтуға бағытталған шараларға белсене қатыстыруға ықпал етіп, қатерді азайтуға бағытталған шараларға ұзақ мерзімді негізде атсалыстыру үшін қазіргі бар ұйымдардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді». Симпозиумның басты мақсаты — зілзалалар қаупін азайту саласындағы іс-қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік құрылымдар, жергілікті және халықаралық бейресми ұйымдардың мүдделі тұлғаларын кең көлемде бір жерде жинау болып табылады.