Жарияланды: 370

Геология және жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесіне өзгертулер енгізіледі

Геология және жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесіне өзгертулер енгізілмек.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде болған кеңесте Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осындай мәлімдеме жасады. Әсет Исекешевтің айтуынша, ведомствода осыған орай бірқатар тағайындаулар жасалып та қойылды. Соңғы ротациялардың қатарында - Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы міндетін атқарушы етіп Бекзада Тұрғанбаевтың тағайындалуы, «ҚазГеоИнформ» геологиялық мәліметтер орталығының жаңа басшысы болып Сәуле Оразаеваның тағайындалуы бар. Вице-премьердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар Елбасының аталмыш саладағы әкімшілік жұмыстарды кешенді жақсарту туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін