Геосаяси және геостратегиялық көзқарастар тұрғысынан алғанда Қазақстан мен Ресей үшін өзара интеграциялану өте тиімді - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геосаяси және геостратегиялық көзқарастар тұрғысынан алғанда Қазақстан мен Ресей үшін өзара интеграциялану өте тиімді  - ҚР СІМ

Геосаяси және геостратегиялық көзқарастар тұрғысынан алғанда Қазақстан мен Ресей үшін өзара интеграциялану өте тиімді - ҚР СІМ

Геосаяси және геостратегиялық көзқарастар тұрғысынан алғанда Қазақстан мен Ресей үшін өзара интеграциялану өте тиімді. Бүгін, 23-қаңтарда ҚР парламентінде өтіп жатқан "XXI ғасырдағы Қазақстан-Ресей ықпалдастығы және ғаламдану қатері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйлеген ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев осындай пікір білдірді.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 738
Фото - Caravan.kz

Осы орайда Қ.Тоқаев Біртұтас экономикалық кеңістік құруға дәл Қазақстан мен Ресей ғана мейлінше дайын деп атап көрсетті. «Интеграциялану мен өзара ынтымақтастыққа балама жоқ»,- деді ол. Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің басшысы «экономикалық жүйелердің ұқсастығы мен екі ел экономикасын реформалау проблемасын шешудегі көзқарастар сәйкестігін» атап өтті.

Сондай-ақ, бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстандағы Ресей жылының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдарда Ресейдің интеграцияланудағы ролі арта түскенін, ол «қазіргі заманғы экономикалық және саяси ахуалға» негізделетінін атап көрсеткен болатын. «Біз өзара ынтымақтастық және әріптестік аясын кеңейту арқылы ғана өз еліміз бен аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз»,- деді ЕурАзЭҚ және БЭК аясындағы өзара кірігу процессіне тоқталған Н.Назарбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, РФ президенті Владимир Путиннің 2004-жылдың 9-10-қаңтарында Астанаға жасаған ресми сапары барысында Қазақстан және Ресей президенттері Біртұтас экономикалық кеңістік құруға бағытталған шаралар кешенін ақырғы нұсқада мақұлдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар