Британдық Би-би-си телерадиокорпорациясының хабарлауынша, осыдан біраз бұрын энергетикалық саясаттың этикалық мәселелері жөніндегі комиссия неміс үкіметіне атом энергетикасынан толық бас тартуды ұсынған болатын.
Комиссия мүшелері АЭС-нан алынатын электр энергиясының орнын басқа қуат көздері арқылы толтыруға болады деп есептейді.