Бұл туралы Германияның Қазақстандағы елшілігінен хабарлады.
Германия Бундестагы қаржыландырып отырған және Берлин еркін университеті, Гумбольд атындағы Берлин университеті және Берлин техникалық университеті бірлесіп өткізіп отырған бұл бағдарлама саясатпен айналысатын білікті де, білімді жастарға Германияның парламенттік жүйесімен танысуға мүмкіндік береді.