Бірқатар республикалық БАҚ-тардың ақпараты бойынша, жалпы Германия елшілігінің жұмысы, соның ішінде, консул Ш.Лаастың виза алуға өтініш бергендерге деген қарым-қатынасы қазақстандықтардың көңілінен шықпай отыр. Мәселен, «Комсомольская правда» газеті елшінің Қазақстан азаматтарын «доңыздар немесе малдар» деп атап, «олардың төлқұжаттарын бетіне лақтыратындығы» туралы көптеген жағымсыз жайттарды хабарлаған.
Сондай-ақ, журналистердің пайымдауынша, Қазақстан азаматтарының Алматыдағы Германия елшілігінің ғимараты алдындағы ұзыннан-ұзақ кезектері жасанды әрекет, және ол аталмыш дипломатиялық өкілдік тарапынан виза саясатын сауатсыз жүргізуге қатысты болып отыр.
Осындай жайтқа түсініктеме берген Р.Морэльдің мәлімдеуінше, әлгіндей кезектер «Германияға баруды қалайтын Қазақстан азаматтарына жалған ақпараттар тарататын туристік фирмалардың кінәсінен пайда болуда».