Германия елшілігі виза рәсімдеу мәселелері бойынша "Возрождение" қоғамдарымен арадағы ынтымақтастықты біржола доғаратынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия елшілігі виза рәсімдеу мәселелері бойынша "Возрождение" қоғамдарымен арадағы ынтымақтастықты біржола доғаратынын мәлімдеді

Германия елшілігі виза рәсімдеу мәселелері бойынша "Возрождение" қоғамдарымен арадағы ынтымақтастықты біржола доғаратынын мәлімдеді

2005-жылдың 10-маусымында "Возрождение" қоғамдарымен арадағы виза рәсімдеу мәселелері бойынша ынтымақтастықты біржола доғару туралы Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы елшілігінің ережесі күшіне енді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Германия елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Маусым 2005
  • 584
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім қабылдауға «Возрождение» қоғамдары тарапынан виза рәсімдеу барысында қасақана тәртіп бұзу және ретсіздік оқиғалары жиі кездесуі себепкер болған.

«»Возрождение» қоғамдары елшілікпен алдын-ала ұйғарым жасаспай-ақ виза рәсімдеуге қолұшын беріп келе жатқанын атап өткіміз келеді»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстандағы немістердің «Возрождение» қоғамдық бірлестіктері қауымдастығы 1989-жылы құрылған. Бұл қауымдастық Қазақстан мен Германия арасында мәдениет, білім беру және неміс тілін зерттеу саласындағы қарым-қатынастарды дамыту мақсатын көздейді.

Перейти к новостям спорта