Германия Федеративтік Республикасының сыртқы істер министрі елімізге сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия Федеративтік Республикасының сыртқы істер министрі елімізге сапармен келеді

Германия Федеративтік Республикасының сыртқы істер министрі елімізге сапармен келеді

АСТАНА. 30-қазан. Kazakhstan Today. 31 қазан - 1 қараша аралығында Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан Республикасына ресми сапары болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Қазан 2006
  • 523
Фото - Caravan.kz

СІМ өкілінің айтуынша, Германияның сыртқы саясат ведомствосы басшысының сапарына ГФР Бундестагындағы барлық саяси фракциялардың өкілдерінен құралған депутаттар тобы мен Германияның түрлі беделді, әрі ірі компаниялары басшылықтарының өкілдері де қатыспақ.

«Сапардың мақсаты — қазақ-герман қатынастарын дамыту барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шаралары бойынша пікір алмасып, екі жақты қатынастарды одан әрі тереңдету мәселелерін талқылау»,- деді Е.Ашықбаев.

Сапар барысында қазақстандық тараптың ұсыныстарын ескере отырып ГФР СІМ әзірлеген және 2007 жылдың бірінші жартысында Германияның Еуропалық Одаққа төрағалығы кезінде қабылданып, бекітілетін Орталық Азия аймағына қатысты Еуроодақтың жаңа Стратегиясының тұсаукесері өткізілмек.

Осы орайда сапар бағдарламасы бойынша ҚР мемлекеттік органдарының басшыларымен кездесулер өткізу көзделген. Сондай-ақ, сапар шеңберінде Астанада Қазақстан мен Германияның іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта