Кездесу барысында атап көрсетілгеніндей, Германия лидерінің Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері тұңғыш рет жасағалы отырған ресми сапары еліміз үшін айрықша саяси маңызға ие. Сондай-ақ, жоғарғы деңгейдегі алдағы кездесу екі ел арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуға қосымша серпін береді дегенге сенім білдірілді.