Германия канцлері желтоқсан айында ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия канцлері желтоқсан айында ресми сапармен елімізге келеді

Германия канцлері желтоқсан айында ресми сапармен елімізге келеді

Германия канцлері Герхард Шредер биылғы желтоқсан айының басында ресми сапармен елімізге келеді. 22-қазан, сәрсенбіде ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Германия Федеративтік Республикасының еліміздегі елшісі Андреас Кертинг алдағы сапарға дайындық барысын тәптіштеді,- деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен KZ-today ақпараттық агенттігіне.

  • 23 Қазан 2003
  • 410
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында атап көрсетілгеніндей, Германия лидерінің Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері тұңғыш рет жасағалы отырған ресми сапары еліміз үшін айрықша саяси маңызға ие. Сондай-ақ, жоғарғы деңгейдегі алдағы кездесу екі ел арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуға қосымша серпін береді дегенге сенім білдірілді.

Соңғы жаңалықтар