Жарияланды: 570

Германия канцлерінің сапарына орай Қазақ радиосының тікелей эфирінде Немецкая волна радиосымен бірлескен ақпараттық акция ұйымдастырылмақшы

Германия канцлері Герхард Шредердің елімізге ресми сапарына орай 6-желтоқсанда Қазақ радиосының тікелей эфирінде Немецкая волна радиосымен бірлескен үш сағаттық ақпараттық акция ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы бүгін, 4-желтоқсанда екі радионың өкілдері Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Олардың айтуынша, осындай шара өткізуге Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың қарқынды дамуы ықпал етіп отыр. Мәселен, тікелей эфирдегі бағдарлама барысында радиотыңдаушылар үшін Германияның Қазақстандағы елшісі Андреас Кертингге өз сауалдарын қойып, Г.Шредердің ресми сапарының қорытындысы туралы, "Немецкая волна" радиосының іс-қызмет тарихы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ, Герамания тарихына қатысты біліктілік сыналтуға арналған викторина өткізілмекші. Екі елдің радио журналистерінің мұндай бірлескен шаралары Қазақ радиосы мен Немецкая волна радиосының арасында ақпарат алмасу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісімге қол қоюды көздейді. Немецкая волна телерадиокомпаниясы осыдан 50 жыл бұрын құрылған. 2001-жылдың қараша айынан бері Орталық Азия елдері үшін орыс тіліндегі арнайы бағдарлама эфирге шыға бастады. Қазір Қарағанды, Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы отандақ үш радиостанция Немецкая волнаның бағдарламаларын көшіріп таратады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін