Германия мен Қазақстан арасында етене жақын байланыстар орнатуға этникалық немістер түрткі болмақ
Германия мен Қазақстан арасында етене жақын байланыстар орнатуға этникалық немістер түрткі болмақ. Бүгін, 5-желтоқсанда Астанада Қазақстан-Германия бизнес-форумы аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия канцлері Герхард Шредер осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан. |
"Соғыс жылдарында елімізге айдалып келген немістер екі ел арасындағы "алтын көпір іспетті",- деді Н.Назарбаев. Осы орайда ол бұл ауқымға тарихи отанына қайтадан оралған этникалық немістер де, сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстан аумағында тұратын неміс диаспорасы өкілдері де қамтылатынын атап көрсетті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, бүгінде Қазақстан Республикасында неміс капиталының қатысуымен құрылған 364 кәсіпорын, соның ішінде 260 бірлескен кәсіпорын бар екенін еске салды. Сондай-ақ, ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына неміс капиталы Дойчебанктің өкілдігі арқылы да қамтылып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін