Германия мен Қазақстан арасында етене жақын байланыстар орнатуға этникалық немістер түрткі болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия мен Қазақстан арасында етене жақын байланыстар орнатуға этникалық немістер түрткі болмақ

Германия мен Қазақстан арасында етене жақын байланыстар орнатуға этникалық немістер түрткі болмақ

Германия мен Қазақстан арасында етене жақын байланыстар орнатуға этникалық немістер түрткі болмақ. Бүгін, 5-желтоқсанда Астанада Қазақстан-Германия бизнес-форумы аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия канцлері Герхард Шредер осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 5 Желтоқсан 2003
  • 344
Фото - Caravan.kz

«Соғыс жылдарында елімізге айдалып келген немістер екі ел арасындағы «алтын көпір іспетті»,- деді Н.Назарбаев. Осы орайда ол бұл ауқымға тарихи отанына қайтадан оралған этникалық немістер де, сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстан аумағында тұратын неміс диаспорасы өкілдері де қамтылатынын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, бүгінде Қазақстан Республикасында неміс капиталының қатысуымен құрылған 364 кәсіпорын, соның ішінде 260 бірлескен кәсіпорын бар екенін еске салды. Сондай-ақ, ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына неміс капиталы Дойчебанктің өкілдігі арқылы да қамтылып отыр.

Соңғы жаңалықтар