Германия мен Қазақстанның авиация салаларының басшылығы әуе қатынасы төңірегінде келіссөздер жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия мен Қазақстанның авиация салаларының басшылығы әуе қатынасы төңірегінде келіссөздер жүргізуде

Германия мен Қазақстанның авиация салаларының басшылығы әуе қатынасы төңірегінде келіссөздер жүргізуде

ҚР көлік және коммуникация министрлігінің 2005-жылдың 1-қыркүйегінен бастап халықаралық әуе желілерін Алматыдан Астанаға ауыстыру туралы шешіміне байланысты Германия мен Қазақстанның авиация салаларының басшылығы Lufthansa әуе компаниясының қатысуымен жүзеге асырылатын екі жақты әуе қатынасы төңірегінде келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Lufthansa әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 25 Наурыз 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Lufthansa әуе компаниясы үшін Орталық Азия аймағы — ТМД аясындағы басымдық берілген рынок болып табылады.

2005-жылдың 27-наурызы мен 29-қазаны аралығына созылатын жазғы ұшу кестесінің аясында Lufthansa әуе компаниясы Алматы-Франкфурт бағытында аптасына бес рейсті жолға шығаруды жалғастыра бермек. Ал әуе компаниясының қысқы жұмыс кестесі бекітілген жоқ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР азаматтық авиация комитеті Lufthansa әуе компаниясының халықаралық әуе желілерін Алматыдан Астанаға ауыстыру туралы шешіміне балама ретінде Франкфурт-Астана бағытында рейс ашу туралы ұсынысын қабылдамай тастаған. ҚР көлік және коммуникация министрлігінің шешімімен 2004-жылдың қараша айында Алматы-Франкфурт бағытындағы рейстер саны аптасына жетіден беске дейін қысқартылды.
Қазір Алматыға тікелей рейстер жасайтын әуе компанияларының арасында Lufthansa, KLM, Turkish Airlines, British Airways, China Southern Airlines, Iran Air, Pakistan International сынды ірі компаниялар бар.

Перейти к новостям спорта