Германия Қазақстанның азшыл ұлттарды қолдау саясатын жақтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия Қазақстанның азшыл ұлттарды қолдау саясатын жақтайды

Германия Қазақстанның азшыл ұлттарды қолдау саясатын жақтайды

Германия Қазақстан басшылығына елде жүзеге асырылып жатқан "азшыл ұлттарды, соның ішінде неміс диаспорасын қолдау саясаты" үшін ризашылық білдіреді. Бұл туралы бүгін, 14-қазанда Германия Бундестагы төрағасының орынбасары Антье Фольмер ханым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін журналистерге хабарлады.

  • 14 Қазан 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, А.Фольмер өзінің «Қазақстан мемлекет басшысымен қызғылықты әрі достық сипаттағы әңгіме-дүкен» құрғанын хабарлады. Кездесу барысында сұхбаттастар Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен болашағы, Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы ролі тәрізді бірқатар мәселелерді талқыға салды.

Германия Бундестагы төрағасының орынбасары Антье Фольмер ханым Қазақстандағы экономикалық және қоғамдық даму деңгейіне жоғары баға берді.

Перейти к новостям спорта