Германия Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекшілік ролін мойындайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекшілік ролін мойындайды

Германия Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекшілік ролін мойындайды

"Германия үшін Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші ел боп саналады". Бұл туралы бүгін, 5-желтоқсанда елімізде ресми сапармен жүрген ГФР канцлері Герхард Шредер Қазақстан-Германия бизнес-форумы барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 5 Желтоқсан 2003
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Біздің ел Орталық Азия аймағын дамыту мақсатына одан әрі де атсалыса береді»,- дей келіп Г.Шредер өз сөзін былай деп сабақтады:»біз осынау айрықша күрделі аймақтағы ахуалды тұрақтандыруда және оны дамытуда Қазақстанның атқарған ролін ерекше атап өтуге тиіспіз».

Қазіргі жағдаймен, Г.Шредердің айтуынша, Германия мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі — көлік инфрақұрылымын құру, соның ішінде «Ұлы Жібек жолын бойлай көлік дәлізін» құру болмақ. Сондай-ақ, Г.Шредер өз елінің Орталық Азия аймағындағы лаңкестікпен және халықаралық ұйымдасқан қылмыспен күреске және жалпы аймақты дамытуға атсалысуға әзір екенін атап көрсетті.
«Халықаралық ахуалдың көптеген өзекті проблемасына қатысты Германия мен Қазақстанның пікірі ортақ. Екі ел арасында шешімін табу қиындық тудыратындай ешбір қарама-қайшылық жоқ»,- деді Г.Шредер.
Ол сондай-ақ, екі ел арасындағы қарым-қатынас барған сайын нығая түсуде деп мәлімдеді. Атап айтсақ, Германия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жыл сайын орта есеппен 30 процентке арта түсуде. Германия канцлерінің пікірінше, оның бұл жолғы сапары мен қол жеткізілген келісімдер екі ел арасындағы тауар айналымын одан бетер арттырып қана қоймай, екі елдің шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасындағы болашақ ынтымақтастыққа тың мүмкіндіктер ашпақ.

Соңғы жаңалықтар