Германия Рахат Әлиевке қарсы қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия Рахат Әлиевке қарсы қылмыстық іс қозғады

Германия Рахат Әлиевке қарсы қылмыстық іс қозғады

Германия прокуратурасы Рахат Әлиев пен оның сыбайластарына қарсы қаржыны жылыстату фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп мәлім етті аустриялық «Лански, Ганцгер және әріптестер» бюросының адвокаты Анна Цайтлингер.

  • 28 Маусым 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Біз жақында Германияда болдық, онда прокуратура Рахат Әлиев пен оның сыбайластарына қарсы қаржы жылыстату фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Біз бұл іспен соңғы 4 жылда айналыспаған, «жаңа көзбен» қараған адамдардың қалай жұмыс істейтіндерін өз көзімізбен көрдік», — деп мәлім еткен А. Цайтлингердің сөздерін сейсенбі күні «Время» газеті келтіріп отыр.

Оның ақпаратына сәйкес, Р. Әлиев Германия арқылы ірі көлемде қаржы өткізген. Сондай-ақ, басылым А. Цайтлингерден хат келгенін хабарлайды: «Сіздерге айтқанымыздан басқа, Әлиевтің сыбайластарының бәрі қазір Аустрияда жүр және ресми түрде тіркеуге тұрған. (…) Олардың бәрі Аустриялық әділет жүйесінің қолы жетерліктеу Аустрия аумағында тұрып жатқанына сенімдіміз, Әлиевтің өзі де Аустрияның аумағында сот оған қатысты өз юрисдикциясын мойындау үшін ұзақ уақыт жүр».

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда Р. Әлиевке жақында жаңадан сырттай айыптар тағылды, ол «Нұрбанктің» екі топ-менеджерін өлтірді деп айыпталып отыр.

15 маусымда бас прокурор Асхат Дауылбаев президент Нұрсұлтан Назарбаевқа 2007 жылы Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновқа қатысты жасалған қылмысқа қатысты толық мәліметтердің бәрін баяндады. Ақ орданың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, «топ-менеджерлерді Әлиев, Кошляк және басқа да адамдардан құралған қылмыстық топ мүлкін бопсалау мақсатымен ұрлап кеткен».

А.Дауылбаевтың мәліметінше, Әлиевтің Алматыдағы резиденциясында банкирлерді байлап, азаптаған, психотропты препараттарды қолданған. Кейін Темірәлиев пен Хасеновты Ремизов шатқалына алып барып, тұншықтырып өлтірген.

Н. Назарбаев күш құрылымдарынан Әлиевті және басқа да қатысты адамдарды «экстрадициялау үшін қажет шараларды бәрін қабылдауды» талап етті.

Ал Р. Әлиев Twitter-дегі жеке парағында өзіне тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарған.

Соңғы жаңалықтар