Германия СІМ-нің мемлекеттік министрі: ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау құқығын Қазақстанға беру тең құқылылықтың белгісі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия СІМ-нің мемлекеттік министрі: ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау құқығын Қазақстанға беру тең құқылылықтың белгісі

Германия СІМ-нің мемлекеттік министрі: ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау құқығын Қазақстанға беру тең құқылылықтың белгісі

БРЮССЕЛЬ. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының жалпы отырысында сөз сөйлеген Германия СІМ-нің мемлекеттік министрі Гернот Эрлер Қазақстанның өтінішіне қолдау білдіре отырып, ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау құқығын Қазақстанға беру тең құқылылықтың белгісі деп атап өтті, деп хабарлайдв Kazakhstan Today тілшісі.

  • 4 Желтоқсан 2006
  • 367
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөнінде өтініш білдіріп отыр. Германия осы елге ЕҚЫҰ-ға төраға болу мүмкіндігін беруді қолдайды. Бұл Орталық Азиядағы өскін мемлекеттер ұйым шеңберінде тепе-теңдіктен үміттене алады дегеннің белгісі»,- деді Г.Эрлер.

Словакия өкілдерінің жетекшісі, осы елдің СІМ Ян Кубиш те Қазақстанның 2009-жылы ЕҚЫҰ-ына төраға болу жөніндегі сұранымына қолдау білдірді.

Осы орайда еске сала кетсек, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының жалпы отырысы бүгін ұйымға мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы 14-отырысы аясында бүгін Брюссельде өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта