Германия тұрғындары қолына Құран ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия тұрғындары қолына Құран ұстады

Германия тұрғындары қолына Құран ұстады

Оснабрюк университеті жанынан Ислам теологиясы институты ашылды. Жаңа білім ордасы алдағы уақытта Мюнстердегі орталықпен тікелей байланыс орнатпақшы.

  • 3 Қараша 2012
  • 302
Фото - Caravan.kz

Осылайша Германия тұрғындары ислам дінін жан-жақты оқуға, таным-түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік алды, деп жазады «Айқын» басылымы.

Оснабрюкте биылғы қысқы се­местрде алғашқы 47 студент білім алып, мектептерде ислам негіздерін оқытуға атсалыспақшы. Олар лек­ция­лар мен семинарларда ислам тарихына қызығушылық танытып, араб тілін оқып, Құранды терең меңгеруге ден қою­да.

Федеральды үкімет ислам орталы­ғына 20 миллион еуро бөліп, қасиетті дінімізді дамытуға назар аударып жатыр. Қазірдің өзінде Оснабрюк-Мюнстерден басқа үш жерде — Тю­бин­ген, Франкфурт-Гиссен және Эр­лан­ген-Нюрнбергте ислам діні бойынша дәрістер оқытылуда.

Германияда мектептерде Құранды оқыту қолға алынысымен, осы салада оқытушыларға сұраныс көбейген. Мұны бірінші болып Солтүстік Рейн-Вестфаль федеральды өкіметі қол­ға алыпты. Бұл бастама басқа да федеральды өңірлерде қызу қолға алынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар