Германия үкіметінің қоныс аударушылар мәселесі жөніндегі толық құқылы өкілі ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия үкіметінің қоныс аударушылар мәселесі жөніндегі толық құқылы өкілі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Германия үкіметінің қоныс аударушылар мәселесі жөніндегі толық құқылы өкілі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Шілденің 23-25 аралығында елімізге Германия Федеративтік Республикасы үкіметінің қоныс аударушылар мәселесі жөніндегі толық құқылы өкілі, Германия Бундестагының депутаты Йохен Вельт ресми сапармен келгелі отыр. Бұл туралы Қазақстандағы Германия елшілігінен хабарлады.

  • 17 Шiлде 2003
  • 574
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында толық құқылы өкіл неміс ұлты өкілдерінің Қазақстандағы ахуалымен танысады. Ондағы мақсат- Германия мен Қазақстан арасындағы 1996-жылы қол қойылған «Неміс ұлты өкілдерін қолдау саласындағы ынтамақтастық туралы» келісім аясында өзара үйлестірілген нысаналы шараларды одан әрі жалғастыру болып табылады.

Сапар аясында Й.Вельт Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісовпен кездеседі деп жоспарланған. Бұдан кейін қонақ Алматыға келеді.
24-шілдеде экономика тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Оған Лисаковск қаласының әкімі Альберт Рау, Германияның Қазақстандағы елшісі Андреас Кертинг мырзалар қатысады. Сондай-ақ, сапар бағдарламасында кәсіпорындар, неміс ұлты өкілдерінің отбасылары мен балалардың тіл бағытындағы лагерін аралау межелеген.