Германияда 2007 жылы қаңтардың аяғында Қазақстан президентінің ресми сапармен келуін күтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда 2007 жылы қаңтардың аяғында Қазақстан президентінің ресми сапармен келуін күтуде

Германияда 2007 жылы қаңтардың аяғында Қазақстан президентінің ресми сапармен келуін күтуде

АЛМАТЫ. 10 қаңтар. Kazakhstan Today. Германияда биыл қаңтар айының соңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапармен келуін күтуде. Бұл туралы кеше Румыния мен Болгарияның Еуропалық Одақ құрамына енуіне орай өткен баспасөз мәслихатында Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Гебхардт Вайс құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 10 Қаңтар 2007
  • 392
Фото - Caravan.kz

«Осы айдың соңында Қазақстан президенті Берлинге ресми сапармен келеді»,- деді Г.Вайс. «Менің ойымша, ол онда біздің ұлттық қарым қатынасымыз аясында ғана бармайды»,-дей отырып, ол Германияның осы жылы Еуроодаққа төрағалық ететіндігін еске салды.

«Біздің жақ қаңтардың 1-нен бастап одаққа төрағалық етеді. Біз Қазақстан үкіметінің барлық салаларымен, экономика министрлігімен, әлеуметтік мәселелер, мәдениет және одан да басқа маңызды салалар бойынша байланыстар орнатуға әзірміз»,-деп баса айтты Г.Вайс мырза. Оның айтуынша, қазіргі кезде Астана мен Алматыда ЕО мемлекеттерінің 16 елшілігі жұмыс жасап жатыр.

Сонымен қатар, Германияның Қазақстандағы елшісі Астанада қаңтардың 15 -і күні ҚР сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев және Еуроодақ елшілерінің қатысуымен салтанатты ас берілетіндігін айтты. «Бұл бізге алдағы мәселелер жайында бейресми жағдайда әңгімелесуге мүмкіндік бермек»,-деді елші.

Сонымен қатар, ол биыл науырыздың 24-де Еуропалық интеграцияның 50 жылдығы тойланатындығына назар аударды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта