Германияда "Берлинале-2013" фестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда "Берлинале-2013" фестивалі басталды

Германияда "Берлинале-2013" фестивалі басталды

Кеше Германия астанасында 63-ші Халықаралық Берлин кинофестивалі әлемдік кино классигі және қазылар алқасының төрағасы гонконгтік режиссер Вонг Кар-Вайдың «Ұлы шебер» фильмінің премьерасымен ашылды, деп «Интерфакс» агенттігі мәлімдеді.

  • 8 Ақпан 2013
  • 438
Фото - Caravan.kz

Жаңа фильм жекпе-жек өнерінің әйгілі шебері, Брюс Лидің ұстазы Ип Манның өмір тарихы әңгімеленеді. Фильмде басты рөлді Гонконгтің атақты актері Тони Люн сомдаған.

Ашылу салтанатында американдық жұлдыздар Джейн Фонда мен Изабелла Росселлиниге қошемет көрсетілді
Фестиваль 1951 жылдан бастап өткізілуде.
Фестивальдің басты жүлдесі үздік фильм үшін берілетін «Алтын аю» болып табылады. «Күміс аю» үздік режиссер, үздік актер, үздік актриса, үздік музыка номинациялары бойынша беріледі. Альфред Бауэр сыйлығы киноөнеріне жаңа жол ашатын картиналарға тағайындалады.

Перейти к новостям спорта