Сейсенбі күні ел аумағында індетті 1200-ден астам адам жұқтырды деп хабарланған болатын. Инфекция Германияда 15 адамның, Швецияда бір адамның өмірін қиды.
Бастапқыда билік ішек таяқшалары Испаниядан әкелінетін қиярдан таралды деп мәлімдеген болатын. Кейін немістің Ауыл шаруашылық министрлігі испан қиярының адам денсаулығына зияны жоқтығын мойындады.