Германияда қымызмұрындық өткізген неміс азаматы қазақтарға қымыз жайлы дәріс оқиды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда қымызмұрындық өткізген неміс азаматы қазақтарға қымыз жайлы дәріс оқиды

Германияда қымызмұрындық өткізген неміс азаматы қазақтарға қымыз жайлы дәріс оқиды

Бүгін Алматыда «Гастроэнтерология-2011» халықаралық конгресі өтеді. Шараға Еуропадағы әйгілі қымыз өндіруші Ганс Цольман қатысып, «Бие сүті мен қымыз өндірудің Германиядағы 50 жылы» атты баяндама жасайды.

  • 2 Маусым 2011
  • 462
Фото - Caravan.kz

Ганс Цольман Германиядағы ең ірі қымыз өндіруші, қымызды Европада насихаттап жүрген тұңғыш шет елдік. Былтырғы жылы ол қымызмұрындық шарасын өткізіп, еуропалықтардың қымызға деген құштарлығын арттырған. Бүгінгі дәрісінде ол бие саумалы мен қымызды емге қолданудың тәсілдері жайлы оқиды.

Конгресс жұмысына белгілі ғалым А.Жанғабылов пен отандық қымыз өндіруші «Саржайлау» корпорациясының» төрағасы А.Нұрсила қатысып, қымыздың емдік қасиеті жайла өз ойларымен бөліседі. Сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден келген ас қорыту мүшелерінің ауруларын зерттеуші белгілі мамандар қатысатын конгресті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР гастроэнтерологтарының еуразиялық қауымдастығы, Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар