Жарияланды: 390

Германияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Германияда туристер мінген автобуспен байланысты iрi жол-көлік оқиғасы болып, 22 адам зардап шекті, деп хабарлайды Би-Би-Си орыс жаңалықтар қызметi.

"Әзірге автобуста қай елдің азаматтары болғаны белгісіз, тек оның Швейцариядан шыққаны туралы хабарлануда. Оқиға Хартайм коммунасындағы А5 тасжолында (Баден-Вюртемберг жері) болды", - деп нақтылайды ИТАР-ТАСС. Екi қабатты автобус жолдан шығып, тасжолға жақын жердегі орманға кіріп кеткен. Апат орнында құтқарушылар мен полиция жұмыс істеуде. ЖКО себептері анықталуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін