Германиялық компаниялар технологиялар трансфертімен қатар, қазақстандық экономикаға инвестициялар мен инновацияларды да қамтамасыз етуде - ҚР Премьер-Министрі

Бұл туралы Қазақстан және Германия Үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы Келісімді іске асыру бойынша жұмыс тобының жетекшісі Петер Тильспен болған кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов хабарлады.

«Шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестікте стратегиялық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-германиялық іскерлік кеңес маңызды рөл атқарады. Қазақстандық тарап экономиканың басты секторларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда германиялық компанияларға қолдау көрсетуін одан әрі де жалғастыратын болады», - деді С.Ахметов.