Германиялық мамандар Қазақстандық дәрігерлерді лейкемияны емдеудің қазіргі заманғы әдістерімен таныстыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германиялық мамандар Қазақстандық дәрігерлерді лейкемияны емдеудің қазіргі   заманғы әдістерімен таныстыруда

Германиялық мамандар Қазақстандық дәрігерлерді лейкемияны емдеудің қазіргі заманғы әдістерімен таныстыруда

Қазақстанда "Гематология бойынша жазғы мектеп" ашылып, соның аясында Германиялық мамандар Қазақстандық дәрігерлерді лейкемияны емдеудің қазіргі заманғы әдістерімен таныстырады. Бұл туралы бүгін, 31-мамырда өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің онкология және радиология институтының директоры Жеткерген Арзықұлов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2005
  • 425
Фото - Caravan.kz

Жазғы мектепте еліміздің барлық облыстарынан келген 16 гематолог-дәрігер дәріс тыңдауда. Дәріс соңында шет тілін меңгерген екі таңдаулы маман оқуды Германияда жалғастыру үшін іріктеледі ,- деді Ж.Арзықұлов.

Қазақтанда қан рагын емдеу үшін химиялық емдеу және сәулемен емдеу деген екі түрлі тәсіл қолданылады. Ал Германияда жілік майын ауыстырып отырғызу операциясы кеңінен таралған. Осынау қымбат операцияны Қазақстанда жасауға да мүмкіндік туындап отыр.
Онкология және радиология институты директорының айтуынша, қазіргі жағдаймен елімізде лейкемия дертіне шалдыққан 1283 адам тіркелді, ал 2004-жылы бұл көрсеткіш 1204 болған.

Перейти к новостям спорта