Германияның Баден-Вюрттемберг федералды өлкесінде Қазақстан экономикасы күндері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияның  Баден-Вюрттемберг федералды өлкесінде Қазақстан экономикасы күндері  өтті

Германияның Баден-Вюрттемберг федералды өлкесінде Қазақстан экономикасы күндері өтті

Германияның Штутгарт қаласында ҚР Елшілігі және Штутгарт қаласының сауда және өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен Қазақстан экономикасының күндері өткізілді. Аталған шараға ҚР Индустрия және сауда министрлігінің делегациясы қатысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның Германиядағы елшілігінен хабарлады.

  • 17 Маусым 2005
  • 715
Фото - Caravan.kz

Шараға қатысқан германиялық іске топ өкілдеріне Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму, тұрғын үй құрылысы, аграрлық индустрия, сонымен қатар республика территориясында технологиялық саябақтар құру бағдарламалары жайлы мағлұмат берілді.

Экономика күніне қатысқан неміс өкілдерінің пікірінше, аталған шара өте қызықты және пайдалы болды, әрі ол қазақ және неміс кәсіпкерлерінің арасында тікелей байланыс орнатуға өз септігін тигізді.
Штутгартта Қазақстан делегациясының мүшелері Баден-Вюрттемберг федералдық жерінің экономика және ауыл шаруашылық министрліктерінде келіссөздер өткізді. Сұхбат барысында экономика саласы үшін кәсіби мамандарды даярлау бойынша бірлескен жобалар, сонымен қатар биылғы күзде Баден-Вюрттембертің ресми және іскерлік делегациясының Қазақстандағы Германия экономика күніне қатысуы және үкімет деңгейінде келіссөздер жүргізу туралы әңгімелер болып өтті.

Перейти к новостям спорта