Германияның еліміздегі елшісі екі ел арасындағы тауар айналымының арта түсу ағымын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияның еліміздегі елшісі екі ел арасындағы тауар айналымының арта түсу ағымын атап өтті

Германияның еліміздегі елшісі екі ел арасындағы тауар айналымының арта түсу ағымын атап өтті

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андреас Кертинг Германия экономикасының Қазақстандағы дәстүрлі күндіктеріне орай бүгін, 15-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында екі ел арасындағы тауар айналымының жыл сайын арта түсуін оңды ағым ретінде бағалады.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 487
Фото - Caravan.kz

Осы орайда елші Германия экономикасының Қазақстандағы күндігі секілді шаралар осынау оңды ағымды одан бетер нығайтады деп атап көрсетті.

Тауар айналымының құрылымына түсініктеме берген А.Кертинг Қазақстанның экспортқа шығаратын тауар көлемі Германиядан импортталатын ауқымнан екі есе артық екенін хабарлады. Осыған байланысты ол өз елінің бұл айырмашылықты жақындатуға қадам жасап жатқанын жеткізді.
ГФР Федералдық статистикалық ведомствосы ортаға салған мәліметтерге сәйкес, Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 2003-жылдың алғашқы 5 айында 898 млн. евроны құрап, 2002-жылғы осы мерзімдегіден 37,5 процентке артқан. Ал Қазақстанның экспорт ауқымы 58 процентке өсіп, 646 млн. евроға, импорт көлемі 3 процентке артып, 251 млн. евроға жеткен.
2002-жылы тауар айналымы 1,795 млрд. евроны, соның ішінде экспорт — 629 млн. , импорт — 1,165 млрд. евроны құрады. 2001-жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 1,735 млрд., 1,184 млрд. және 551 млн. евроға жетті. Ал 2000-жылы тауар айналымы 1,422 млрд. евроны, соның ішінде экспорт -1,045 млн. , импорт — 377 млн. евроны құраған болатын.
А.Кертингтің айтуынша, Германияның жалпы сыртқы сауда-саттық көлемінде Қазақстан 54-ші орынды, ал ТМД елдерінің арасында Ресей мен Украинадан кейінгі 3-орынды иемденеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың басымдық берілген бағыттарына машина жасау, құрылыс, химия және өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы тәрізді салалар қамтылады. Қазіргі жағдаймен Қазақстанда 400-ге жуық неміс компаниялары жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар