Германияның Федералдық канцлері Шредер ресми сапармен Астанаға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияның Федералдық канцлері Шредер ресми сапармен Астанаға келді

Германияның Федералдық канцлері Шредер ресми сапармен Астанаға келді

Германияның Федералдық канцлері Герхард Шредердің Қазақстанға жасайтын ресми сапары басталды. Бүгін, 4-желтоқсанда жергілікті уақытпен 13 сағат 50 минутта Г.Шредер бастаған Германия өкілдері мінген ұшақ Астананың халықаралық әуежайына келіп қонды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Желтоқсан 2003
  • 640
Фото - Caravan.kz

Әуежайда Герамания канцлерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент әкімшілігінің қызметкерлері мен үкімет мүшелері күтіп алды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Елбасы сарайында Г.Шредер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бетпе-бет жүздеседі. Сондай-ақ, екі ел өкілдерінің кеңейтілген құрамдағы кездесуі де жоспарланған. Германияның Федералдық канцлері Герхард Шредер еліміз парламенті палаталарының жетекшілерімен және депутаттармен де кездеседі деп күтілуде.
Ресми сапар аясында екі елдің іскерлік өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі. Форумда ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ГФР канцлері Герхард Шредер сөз сөйлейді.