Сапар аясында Қазақстан мен Германия арасындағы бірқатар келісімдерге қол қою, сондай-ақ, еліміздің саясаткерлері мен іскерлік өкілдерімен кездесулер жоспарланған.
Г.Шредер елімізге жасайтын ресми сапарында өзімен бірге Германия Бундестагының депутаттары, осы елдің іскерлік өкілдері мен 30 журналисі бар, барлығы 150 адамнан құралған өкілдер тобын ілестіре келмекші.
Германия Федеративтік Республикасының өкілдері елімізде екі күн аялдайды.