Германияның федералдық канцлері Шредер ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияның федералдық канцлері Шредер ресми сапармен елімізге келеді

Германияның федералдық канцлері Шредер ресми сапармен елімізге келеді

4-желтоқсанда Германияның федералдық канцлері Герхард Шредер ресми сапармен Астанаға келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Германияның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қараша 2003
  • 391
Фото - Caravan.kz

Сапар аясында Қазақстан мен Германия арасындағы бірқатар келісімдерге қол қою, сондай-ақ, еліміздің саясаткерлері мен іскерлік өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

Г.Шредер елімізге жасайтын ресми сапарында өзімен бірге Германия Бундестагының депутаттары, осы елдің іскерлік өкілдері мен 30 журналисі бар, барлығы 150 адамнан құралған өкілдер тобын ілестіре келмекші.
Германия Федеративтік Республикасының өкілдері елімізде екі күн аялдайды.

Соңғы жаңалықтар