Германияның Федеративтік үкіметі Қазақстанға көрсетілетін қаржылық көмектің көлемін біртіндеп азайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияның Федеративтік үкіметі Қазақстанға көрсетілетін қаржылық көмектің көлемін біртіндеп азайтады

Германияның Федеративтік үкіметі Қазақстанға көрсетілетін қаржылық көмектің көлемін біртіндеп азайтады

Германияның Федеративтік үкіметі Қазақстанға көрсетілетін қаржылық көмектің ауқымын біртіндеп азайтады. Бұл туралы бүгін, 24-шілдеде Қазақстандағы этникалық неміс ұлты өкілдерінің арасындағы кәсіпкерлермен өткізген дөңгелек үстелде осында ресми сапармен жүрген Германия Федеративтік Республикасы үкіметінің қоныс аударушылар мәселесі жөніндегі уәкілетті өкілі, Германия Бундестагының депутаты Йохен Вельт хабарлады.

  • 24 Шiлде 2003
  • 514
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ендігі жерде Германия үкіметі Қазақстанға қайырымдылық көмек көрсетуден гөрі жастарды оқытуға, оларға кәсіптік білім игертуге, жұмыс істеп жүргендердің білімін жетілдіруге баса назар аудармақ ниетте. Атап айтсақ, биылғы жылы осындай мүмкіндікке 300 жас ие бола алады. Германия үкіметі жыл сайын осындай жобаларды жүзеге асыруға 3,5 млн. евро жұмсағалы отыр.

Сондай-ақ, Германия үкіметінің уәкілетті өкілінің айтуынша, ол жақтан берілетін қаржылық көмектің қысқартылуына байланысты Қазақстан немістерінің қоғамдық ұйымдары өз тарапынан экономикалық бастама көтеріп, өзін-өзі қаржыландыра бастауы тиіс. Отырыс барысында Йохан Вельт жергілікті немістердің экономикалық ауқатын арттыру үшін этникалық неміс кәсіпкерлердің Одағын құруды ұсынды.
Ал Германияның Қазақстандағы елшілігі Одақты қолдау мақсатымен оған қатысушыларға Германияға жасайтын іскерлік сапарларға қолайлы визалық тәртіп қалыптасыруға мұрындық болар еді деді өкіл.
Жалпы алғанда, Й.Вельт қазір 300 мың адамға дейін азайған Қазақстандағы тұрғылықты немістердің өзіндік ерекшеліктерін сақтап дамытудың
маңызын жоғары бағалады.