Германияның Франкфурт қаласында алып әуежай іске қосылды
|
Германияның Франкфурт қаласында алып әуежай іске қосылды. 185 мың шаршы метрді құрайтын ұшақ бекеті жылына қосымша 9 млн. жолаушыны қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша 3 терминалға бөлінген әуежай жылына жалпы 60 млн. адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Бұл елімізден Германияға сапар шеккен жолаушылар үшін де қолайлы болмақ.
Франкфуртта бұған дейін үлкен 2 терминал болған еді. Енді міне “А” санатындағы тағы бір терминалдың жұмысы іске қосылып отыр. Аталған әуежай кешенінің құрылысына 700 млн. евро жұмсалыпты. Айта кетсек бұл әуе бекеті Lufthansa компаниясының меншігі саналады. Мұнда бірінші, сенатор, бизнес және эконом санатындағы жолаушыларға арналған 5 күту залы бар. Жолаушыларға барынша жағдай жасалған. Тіпті ұялы телефонмен де беталды сөйлесе бермейсіз. Арнайы орын дайындалған. Осы терминалды елімізден барған жолаушылар да пайдалана алады.
Мартин Рикен, Lufthansa әуе компаниясының департамент директоры:
- Жалпы біз Қазақстанда 3 бірдей класс бойынша қызмет көрсететін жалғыз әуе компаниясымыз. Біздің ұшақтар бірінші, бизнес және эконом классқа негізделген. Сондай-ақ ұшақ бортындағы әрбір жолаушының алдында жеке монитор бар. Ал бірінші және бизнес класстағы жолаушылар түгел жазылып төсек болып қалатын кресломен қамтамасыз етілген. Мұндай қолайлы орындықтар да Қазақстанда ұшатын әуе кемелерінің ішінде тек бізде ғана бар.
Соған қарамастан Lufthansa компаниясы елімізге келетін ұшақтар паркін тағы жаңартуды көздеп отыр. Міне, мынандай қолайлы ұшақтар елімізде 2014 жылы қызмет көрсете бастайды. Мұнда әрбір орындықта массаж жасау құрылғысы болса, әрбір жолаушының алдында теледидар, тіпті интернет те болмақ. Сондай-ақ, ұшқыштардың біліктілігін жетілдіру жұмысы да қарқынды жүргізілуде.
Мынау ұшқыштарды тәжірибеден өткізетін жер. Мұнда Люфтганза компаниясының 4 мыңнан астам ұшқышы өз тәжірибесін жетілдіріп отырады. Мінекей біз де солардың арасында Боинг 747-400 ұшағының штурвалын ұстап көрдік.
Оливер Дитрих, Ұшқыштарды сынақтан өткізу орталығының бастығы:
- Ұшқыш белгілі бір себептерге байланысты тесттен өте алмай қалатын кез болады. Ондайда екінші қайтара мүмкіндік береміз. Біздің мақсат олардың тәжірибесін жетілдіру. Сондықтан оған бірден шара қолданбаймыз. Осы тәжірибенің арқасында соңғы ширек ғасырда біздің компанияда ұшқыштардың кесірінен орын алған қайғылы оқиға тіркелген емес.
Яғни мұнда барлық ұшқыш әрбір 4 ай сайын сынақ тапсырады. Ал сыннан 4 мәрте өте алмаса олар ұшақ басқару құқығынан мүлдем айырылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін