Германияның Қазақстандағы елшісі екі күндік сапармен Павлодар облысына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияның Қазақстандағы елшісі екі күндік сапармен Павлодар облысына барды

Германияның Қазақстандағы елшісі екі күндік сапармен Павлодар облысына барды

Бүгін, 22-шілдеде Германияның Қазақстандағы елшісі Андреас Кертинг екі күндік ресми сапармен Павлодар облысына барды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Шiлде 2003
  • 617
Фото - Caravan.kz

Өкілдер құрамында Германия Федеративтік Республикасы үкіметінің қоныс аударушылар мәселесі жөніндегі толық құқылы өкілі, Германия Бундестагының депутаты Йохен Вельт пен ФРГ федеративтік министрлітерінің өкілдері бар.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, бүгін елші Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушы Оразалы Шаяхметовпен кездесіп, «Павлодар-Гермеринг» қоғамдық қорының жұмысымен танысады. Құрылғанына 10 жыл толған қор осы мерзімде облыс тұрғындарына 30 млн. неміс маркасына тең тегін ас-су, нан, киім-кешек және дәрі-дәрмек тәрізді көмек-жәрдем берді.
23-шілдеде елші Павлодар облысын мекен еткен немістердің «Возрождение» облыстық мәдени-ағартушылық жөніндегі қоғамында болып, облыс әкімі Қайрат Нұрпеисовпен кездеседі деп межеленген. Сапар соңында А.Кертинг жергілікті кәсіпкерлер, жастар және ардагерлер өкілдерімен кездесу өткізеді.
Облыстық мұрағат мәліметтеріне сүйенсек, 1941-1942-жылдар аралығында Павлодар облысына 80 мыңнан астам адам, соның ішінде неміс ұлтының өкілдері де өз ықтиярынан тыс көшіп келді.

Соңғы жаңалықтар