Героиннің көлемді партиясын өткізбек болған Қырғызстан азаматы ұсталды
Жамбыл облысында героиннің көлемді партиясын өткізбек болған Қырғызстан азаматы ұсталды. |
Дүйсенбіде ҰҚК шекаралық қызметінің баспасөз қызметінен таралған хабарламаға қарағанда, ер адам өткен сенбіде қазақстандық-қырғыз шекарасын заңсыз жерден өткен, оны "Қордай" шекаралық заставасының учаскесінен ұстап алған.
"Заттарын қарау кезінде одан жалпы салмағы 2,5 кило героин шыққан", делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін