Жарияланды: 440

ГФР канцлері ҚР парламенті мәжілісінің төрағасымен кездесті

Бүгін, 4-желтоқсанда Қазақстанға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Герхард Шредер ҚР парламент үйіне ат басын бұрып, мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбаймен жүздесті,- деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.

Г.Шредер мен Ж.Тұяқбайдың кездесуіне Бундестаг депутаттары, Қазақстан парламентінің қос палатасының депутаттары мен басқа да ресми өкілдер қатысты. Кездесуден кейін ГФР-ның федералдық канцлері ҚР парламенті мәжілісінің Құрметті қонақтарының естелік кітабына өз қолтаңбасын қалдырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін