ГФР канцлерінің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ГФР канцлерінің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды

ГФР канцлерінің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды

Бүгін, 4-желтоқсанда Астанада ГФР канцлері Герхард Шредердің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Желтоқсан 2003
  • 424
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, экономика саласындағы қазақстандық менеджерлердің кәсіби біліктілігін арттыру туралы бірлескен мәлімдемеге , Алматыдағы Қазақстан-Германия бірлескен университеті туралы келісімге, сондай-ақ, ҚР индустрия және сауда министрлігі мен ГФР федералдық экономика және еңбек министрлігі арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жолға қоюдың басты ережелері туралы келісімге қол қойылды.

Бұған қоса коммерциялық сипаттағы бірқатар құжаттарға да қол қойылды. Атап айтсақ, «Қазақтелеком» ААҚ мен «Сименс» АҚ арасындағы коммутациялық жабдықтар сатып алу туралы жоба бойынша келісім-шартына, «Қазастан темір жол ҰК» ЖАҚ мен «Сименс» АҚ арасындағы ниеттестік хаттамасына, «Нұрбанк» ААҚ мен германиялық «Коммерцбанк АГ» банкі арасындағы ұзақ мерзімді қаржыландыру туралы рамкалық келісімдерге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар